Павлодарда жерасты өткелі қашан қалпына келтіріледі?
Сәтбаев көшесіндегі жерасты өткелін жөндеу үшін тиісті құжаттар бар, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Жыл сайын облыс орталығындағы жерасты жаяу жүргіншілер өткелін ақтап, сыртқы көрінісін өңдеп жатады. Әкімдік өткелдің қайта құрылысын 2022 жылға жоспарға енгізген, алайда жоба кейінге шегерілген.
Pavlodarnews.kz жіберген сауалының жауабында Павлодар қаласының әкімдігі жерасты жаяу жүргіншілер өткелінің қайта құрылысы келесі жылға жоспарланған деп жауап берді.
– Бұл жоба бойынша ведомстводан тыс кешенді сараптаманың оң қорытындысы алынды. Жерасты өткелдің қабырғаларын, едендердін, еден плиталарын жөндеу, гидрооқшаулағышты ауыстыру, жарықтандыруды жөндеу, бейнебақылау жүйесін орнату, халықтың аз қозғалатын топтары үшін түсіру және көтеру құрылғысы, әр кіреберіс пен шығысқа жылы шатырларды монтаждау, сондай-ақ кіреберіс есіктерді орнату көзделген, – деді қала әкімігінде.
Бұл жұмыстарды қаржыландыруға өтінім бюджетті қалыптастыру кезінде 2024 жылға беріледі.