Павлодарлықтарға 27 наурызда ашық ауада демалуға кеңес берілді

Қазіргі уақытта қала ауа сапасының көрсеткіштері бойынша жасыл деңгейде, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі
Әлемдегі атмосфералық ауаның сапасына мониторинг жүргізетін швейцариялық «IQAir» компаниясы Павлодарда ауа сапасын 49 AQI⁺ деңгейінде бағалайды. Бұл – қаланы жасыл рейтингке қосқан төмен көрсеткіші.
– Қазіргі таңда PM2.5 концентрациясы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы ұсынған деңгейден 1,8 есе жоғары, аталған концентария бір текше метрге 8,9 микрограммды құрайды, – дейді компания сарапшылары.
«IQAir» 27 наурызда ашық ауада демалуға және терезелерді ашық ұстап, бөлмелерді желдетуге ұсынады.
Бұл ауа сапасының индексі күн бойы сақталады.
Айта кетейік, PM2. 5 бөлшектері – ауадағы қатты микробөлшектер мен сұйықтықтың ең кішкентай тамшылары (диаметрі 10 нм-2,5 мкм).