Павлодарлық ерекше балалар «Жұлдызай» ойындарынан жүлделі оралды

Павлодарлық ерекше балалар «Жұлдызай» ойындарынан жүлделі оралды

Бұл жарыс ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларға арналған еліміздегі жалғыз спорттық жарыс, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Облыстық білім басқармасының мәлімдеуінше, «Жұлдызай» ұлттық инклюзивті ойындары 20-22 қыркүйек аралығында Астана қаласында өтті.

- Бірегей турнирге облысымыздағы арнайы мектеп-интернаттарынан 10 - 16 жас аралығындағы 55 жас спортшы қатысты.
Олар спорттың 6 түрінен атап айтқанда тоғыз құмалақ, жеңіл атлетика, үстел теннисі, голбол, Бес тас, Асық ату ұлттық ойындары бойынша бақ сынады. Жарыс Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек спорт сарайында және «Qazaqstan» жеңіл атлетикалық спорт кешенінде өтті, - делінген хабарламада.

Жарыстың ашылу салтанатына паралимпиада спортшылары, кәсіпқой күрескерлер мен қоғам қайраткерлері қатысты.
Жарыс қорытындысы бойынша Павлодар облысының жас спортшылары 2 жалпы командалық орынға ие болды және спорттың барлық түрінен 1, 2, 3 -орындарға ие болып, жалпы 42 жүлделі орынның иесі атанды.

Барлық қатысушыларға дипломдар мен естелік сыйлықтар табыс етілді.