Павлодарлық оқушылар мен ата-аналар елордада өткен спорт фестивалінде топ жарды
Спорттық бағдарлаудың дәстүрлі республикалық «ASTANAO-FEST» фестивалі өтті, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Астана қаласының саябақ аймағында 100-ден астам спортшы күш, жылдамдық, төзімділік және ерік-жігер, ойлау және шешім қабылдау қабілеттерін сынаудан жарысты.
Павлодар қаласының құрамасын қалалық білім бөлімінің Балалар-жасөспірімдер экология және туризм орталығының «СЮТур» балалар аула клубының 24 бағдарлаушысы ұсынды.
Жарыстың екі күнінің қорытындысы бойынша «М2» тобында ең тәжірибелі жас жігіттер арасында бірінші орынды Данил Барбашин, «W14» тобында Лучезара Кузина иеленді. Ал «W21» тобында ең тәжірибелі қыздар арасында екінші орынды Амина Климентьева иеленсе, «М12» тобында үшінші орынды Гектор Никитин, «М14» тобында – Артем Бриж, «W21» тобында Любовь Кремер ие болды.
– Жарысқа тәрбиеленушілермен қатар жетекшілер мен ата-аналар да қатысты. Нәтижелері керемет. Бірінші, екінші, үшінші орындар бұйырды, – деді қалалық спорт бөлімінде.
Фестиваль жеңімпаздары мен жүлдегерлері Астана қаласының спорттық бағдарлау федерациясының медальдарымен және грамоталарымен марапатталды.