Павлодарда педагогтер оқушылар үшін қолайлы білім беру ортасын құруды үйренді

Павлодарда педагогтер оқушылар үшін қолайлы білім беру ортасын құруды үйренді
Фото: қалалық білім беру бөлімі ұсынды

Семинар кәсіби құзыреттілікті арттыруға бағытталды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Жетекші мектебінің базасында 30-дан астам бастауыш сынып мұғалімдерінің, пән мұғалімдерінің, педагог-ассистенттердің, педагог-психологтердің, қала мектептерінің логопед-мұғалімдерінің қатысуымен «Персонификация инклюзивті оқыту жағдайында білім беру процесін ұйымдастыру принципі ретінде» атты семинар-практикумын өткізді. Мақсаты – педагогтердің инклюзия саласындағы құзыреттілігін арттыру және барлық оқушылар үшін қолайлы білім беру ортасын құру.

Білім беру сапасын арттыру және қала мектептері педагогтерінің педагогикалық шеберлігін арттыру, инновациялық технологияларды пайдалану және ерекше білім беруді қажет ететін балаларды психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу мәселелері бойынша семинарда қалалық білім беру бөлімінің әдіскері Шолпан Нұрахметова, психология мамандығы бойынша PhD философия докторы, Ә. Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық университеті КЕАҚ қауымдастырылған профессоры Элла Сәрсембаева сөз сөйледі.

–   Семинар жұмыс тәжірибесімен алмасу, қатысушылардың кәсіби құзыреттілігін арттыру, адамдардың әртүрлі топтарымен жұмыс істеу дағдыларын дамыту, коммуникациядағы кедергілерді еңсеру үшін ашық диалог алаңына айналды, – дейді Шолпан Нұрахметова.

Практикалық бөлімде № 18, 41, 46, Қ. Бекхожин атындағы, Жетекші мектептерінің педагогтері: ТЖБ және БЖБ құрастыру, инклюзивті тәсіл әдістемесі, адамдардың әртүрлі топтарымен жұмыс істеу дағдыларын дамыту, қабылдау мен коммуникациядағы кедергілерді еңсеру, жайлы орта құру бойынша шеберлік сағаттарын өткізді.

Рефлексия еркін микрофон түрінде өтті. Мұндай іс-шаралар инклюзивті мәдениетті дамытуға және барлық балалар үшін білім сапасын жақсартуға ықпал етеді. Семинар материалдары білім беру процесінде алған білімдері мен тәжірибелерін одан әрі енгізу үшін қала мектептеріне жолданды.