Павлодарлық садақшылар ел чемпионатында төрт күміс еншіледі

Павлодарлық садақшылар ел чемпионатында төрт күміс еншіледі

Астанада садақ атудан мүмкіндіктері шектеулі спортшылар арасында ҚР xемпионаты өз мәресіне жетті, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Пара садақ атудан ел чемпионатына еліміздің бес өңірінен 40-қа жуық спортшы қатысты.

Чемпионат 18 м компаунд (блок) және 25 м классикалық атыс қашықтықтарында өтіп, 12 жиынтық медаль ойнатылды.

- Облыс спортшылары жүлделі орындарға ие болды. Александр Медведев жеке есепте - 2 күміс медаль, Александр Медведев пен Вячеслав Гузей командада күміс, Александр Медведев пен Айдана Нұртазина микс командасында күміс медаль иегерлері атанды, - деді облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасында. 

Айта кетейік, жарыс қорытындысына сәйкес командалық есепте Павлодар облысы 2-орын алды. 

Фото: облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы