Ел чемпионатының көшін «Екібастұз» бастады
Біріншіліктегі кезекті кездесуін кеншілер өз алаңында өткізді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Виталий Спарышев шәкірттері Бірінші лига аутсайдерлерінің бірі – «Ақтөбе Ж» командасына қарсы ойнады. Батысқазақстандық жастар бірінші таймның соңына дейін қарсылық көрсетті, дегенмен ақтөбеліктер үзіліске дейін өз қақпасын аман алып қала алмады. Голды Анатолий Красотин соқты.
Үзілістен соң оның ісін пенальтиден Мирас Тұрлыбек жалғастырды. Матчтағы соңғы нүктені Тамерлан Ағыманов қойды. Нәтижесінде 3:0 – «Екібастұз» жеңісі. Осының арқасында кеншілер турнир кестесіндегі бірінші орынды иемденді.
Келесі матчты «Екібастұз» сырт алаңда «Ұлытауға» қарсы өткізбек. Жезқазғандағы кездесу 3 мамырға жоспарланған.