Павлодарлық студенттерді жол саласында қызмет етуге шақырды

Павлодарлық студенттерді жол саласында қызмет етуге шақырды

Торайғыров университетінің Жоғары колледжі студенттері жол лабораторияда тәжірибеден өтуде, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Университеттің баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, «Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы» РМК Павлодар облыстық филиалы Торайғыров университетінің Жоғары колледжі оқушыларымен кездесу өткізді. Оларды филиал қызметімен таныстырған директор Ерлан Қалымов елімізде кәсіби жолшыларға сұраныс бар болғандықтан болашақта жол саласында қызмет етуге шақырды. 

Филиал директоры кездесу барысында колледж студенттерін өндірістік тәжірибеден өтуге болатынында айтты.

- Қазір жол зертханада жұмыстың ең қызып жатқан кезі. Студенттерге жоғары білікті мамандардың жанында тәжірибе алатын жақсы мүмкіндік бар, - деді ол.

Атап өтерлігі, тәжірибеде жүрген студенттерге ақы төоенеді. Жыл сайын жол лабораторияда ақылы практикадан 5-6 жергілікті жоғары оқу орнындағы студенттер өтеді. Кейіннен дипломын алған соң мекемеге тұрақты жұмысқа орналасқандар да бар. 

- Республика деңгейінде “2000 мектеп” акциясы биыл төртінші жыл қатарынан ұйымдастырылып отыр. Осы акция аясында филиал қызметкерлері мектептерде, колледждерде кездесулер өткізеді. Ай сайын филал зертханасында ашық есік күні ұйымдастырылады, - делінген хабарламада.

Ашық есік күніне келген ізденушілерге филиалдың эксперті Людмила Ковтарева сынақ зертханасын, оның техникалық жарақтандырылуын және қандай сынақтар жүргізілетіндігін көрсетті. Зертханада инертті материалдарды тексеруге, сондай-ақ, щебень, асфальтобетон және битумды тексеруге арналған кабинеттер бар. Студенттер мұнда жол құрылысы кезінде пайдаланылып жатқан құрылыс материалдарының сапасы қалай тексерілетінін көзбен көріп, өздерін қызықтырған сұрақтарына жауап алды. 

4 жыл ішінде Ұлттық жол сапа орталығының Павлодар филиалының зертханасында жергілікті жоғары оқу орнындағы18  студент практикадан өтті.