Павлодарлықтар жалға берілетін тұрғын үй ақысын мобильдік қосымша арқылы қалай төлейді?
Төлемеген жағдайда азаматтар үйден шығарылады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Әлеуметтік жалдамалы тұрғын үйде тұратын азаматтар жалдау ақысын төлеуге міндетті. Жалдау ақысы екінші деңгейдегі банктерде негізгі жалдаушының ЖСН міндетті түрде көрсете отырып, КБК 201509 коды арқылы жүзге асыруға болады.
Төлемді мобильді қосымша арқылы да жасауға болады:
1. «Төлемдер» бөліміне өтіңіз;
2. Бұдан әрі «Бюджетке салынатын айыппұлдар мен салықтар» бөліміне өтіп, «Салықтар» бөліміне кіріңіз;
3. «Жеке тұлғалар үшін деректемелер бойынша салық» бөліміне кіріп, «Төлем түрін (201 509)» көрсетіңіз;
4. Павлодар қаласының МКБ жалға берілетін тұрғын үйді таңдаңыз;
5. Негізгі жалдаушының ЖСН мен аты-жөнін көрсетіңіз;
6. «2024 жыл» кезеңін таңдаңыз;
7. Өсімпұлды ескере отырып, «Төлем сомасын» көрсетіңіз (бар болса).
Жалдау ақысы алты айдан астам уақыт бойы дәлелді себептермен төленбесе, жалға беруші жалға алушыны басқа тұрғын үй берместен шығаруға құқылы.
Жалдау ақысын төлеу бойынша кеңес алу үшін Павлодар қаласы, Кривенко көшесі, 25, 214-кабинетке немесе 61-60-81 нөміріне хабарласуға болады.