Павлодар облысының ТЖД қызметкерлер жазғы киім үлгісіне көшті

Павлодар облысының ТЖД қызметкерлер жазғы киім үлгісіне көшті
Фото: ТЖД баспасөз қызметінен

Осыған орай облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің аумақтық бөлімшелерінде саптық байқау өтті, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінің мәлімдеуінше,  аталмыш шара жеке құрамның жазғы кезеңде өз міндеттерін орындауға дайындығын тексеру және ТЖД қызметкер қатарында тәртіпті сақтау мақсатында өткізілді.

- Саптық байқау кезінде басқарушы құрам қызметкерлердің сыртқы түрін, жабдықталуын және қызметтік міндеттерді орындауға дайындығын бағалады. Киім формасының стандарттарын сақтауға, сондай-ақ жеке қорғаныс құралдары мен жабдықтарды дұрыс пайдалануға ерекше назар аударылды, - делінген хабарламада.

Жазғы киім үлгісіне көшу ыстық мезгілде қызмет атқару үшін қолайлы жағдайларды қамтамасыз етуге, сондай-ақ төтенше жағдайлар туындаған жағдайда қызметкерлердің іс-әрекеттерінің ұтқырлығы мен тиімділігін арттыруға бағытталған стандартты тәжірибе болып табылады.