Павлодарлықтарға 11 шілдеде ашық ауада демалуға кеңес беріледі

Қазіргі уақытта қала ауа сапасының көрсеткіштері бойынша жасыл деңгейде, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Әлемдегі атмосфералық ауаның сапасына мониторинг жүргізетін швейцариялық «IQAir» компаниясы Павлодарда ауа сапасын 25 AQI⁺ деңгейінде бағалайды. Бұл – қаланы жасыл рейтингке қосқан төмен көрсеткіші.
– Қазіргі таңда PM2.5 концентрациясы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы ұсынған деңгейге сәйкес, аталған концентария бір текше метрге 4,5 микрограммды құрайды, – дейді компания сарапшылары.
«IQAir» 11 шілде күні далада демалуға және үйдегі терезелерді ашық ұстауға ұсынады.
Дәл осындай ауа сапасы жексенбі күнге дейін сақталады.
Айта кетейік, PM2. 5 бөлшектері – ауадағы қатты микробөлшектер мен сұйықтықтың ең кішкентай тамшылары (диаметрі 10 нм-2,5 мкм).