Павлодар облысында су айдындары торлардан тазартылды
Рейдтер Железин және Ертіс аудандарында өтті, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Өрлітөбе орман және жануарлар дүниесін қорғау мекемесі баспасөз қызметінің мәліметінше, орман күзетінің қызметкерлері күн сайын Железин және Ертіс аудандарында, оның ішінде мемлекеттік орман қоры аумағында орналасқан су қоймаларында табиғатты қорғау заңнамасын бұзушылықтардың алдын алу және анықтау жұмыстарымен айналысады.
Мамандар 20 маусым күні Башмачное ауылы маңындағы көлде жүргізген рейд кезінде тасталған торларды тауып, жойды. Торға түскен балықтар қайтадан су қоймасына жіберілді.
Посмотреть эту публикацию в Instagram