Шемонаихадағы жарылыс: 2 адам зардап шегіп, 5 техника қирады

Шемонаихадағы жарылыс: 2 адам зардап шегіп, 5 техника қирады

Шемонаихадағы газ құю станциясында жарылыс болды, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі

– 22 маусымда Шемонаихадағы Украинская көшесіндегі газ баллондарын толтыру станциясында болған жарылыс салдарынан өрт шықты. Өрттен 5 техника жойылды. Сағат 14:44-те өрт оқшауланды. Термиялық күйік алған 2 адам ауруханаға жеткізілді, – дейді ҚР төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі.

Тұрғын үйлер мен орман қорына қауіп жоқ. Сөндіруге 5 өрт сөндіру автокөлігі және 12 адам жұмылдырылған.

Өрт жергілікті уақыт бойынша 16:16-да сөндірілген. Алдын ала мәлімет бойынша, өрт аумағы 80 шаршы метр болады. Зардап шеккендер 1974 және 1975 жылы туған қызметкерлер. Олар термиялық күйікпен ауруханаға жеткізілген.