Қазақстанда рекордтық көлемде төлқұжат шығарылды
ІІМ 2024 жылды қорытындылады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
Былтырғы жылы елімізде 1 488 308 ҚР азаматының төлқұжаты дайындалды. Бұл – 30 жылдың ішіндегі рекордтық көрсеткіш.
– Оның негізі себептерінің бірі – балалар үшін төлқұжат құнының екі есе төмендеуі. Қазақстан Республикасының азаматы паспортын алған ең жас азаматқа небәрі 10 күн, ал құжат алған ең үлкен азаматтың жасы 109-да болды, – деп хабарлайды басылым.
Елге реадмиссия тәртібінде шетелде құжатсыз жүрген 70 қазақстандық азамат қайтарылды.
Былтыр шетелдік жұмыс күшін заңсыз еңбекке тартқан 3 786 жұмыс беруші анықталды.
Сонымен қатар, Президент жолдауын іске асыру аясында оңайлатылған тәртіпте 41 шетелдік IT-маманына тұрақты тұруға рұқсат берілді.