Субұрқақтар, фуд-корттар: Павлодарда көшелердің бірінде қайта құру жұмыстары жүргізілуде
Жоба қалалық инфрақұрылымды жақсартуға, қауіпсіздік деңгейін арттыруға бағытталған, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Павлодар қаласында Лермонтов көшесінің қайта құру жұмыстары басталып кетті. Қала тұрғындары үшін қолайлы жағдай жасауға бағытталған жоба бойынша, құрғақ субұрқақтар, спорт алаңдары, демалыс аймақтары, фуд-корттар, шағын сәулет нысандар, жарықтандыруды ауыстыру сияқты жұмыстар жоспарланған.
⠀
Павлодар қалалық мәслихатының депутаттары құрылыс жұмыстарының барысымен және пайдаланылатын материалдардың сапасымен танысты.
⠀
Бүгінгі күні сыртқы жарықтандыру, су құбыры және суару жүйелеріне арналған желілерді бөлшектеу және төсеу жұмыстары жүргізілді.
– Қазір жұмыстар Набережная көшесінен Сәтбаев көшесіне дейінгі учаскеде жүріп жатыр. Жолдар мен тротуарлардың контуры қазірдің өзінде төселген. Абаттандыруға кірісеміз, кесте бойынша кешігу жоқ, – деді жоба жетекшісі Руслан Кендербаев.
Айта кетейік, қайта құру жұмыстарын 2025 жылдың үшінші тоқсанында аяқтау жоспарлануда.