Павлодарда бес қоғамдық көлік жүру бағытын өзгертеді

Павлодарда бес қоғамдық көлік жүру бағытын өзгертеді

Оған су құбырларына күрделі жөндеу жұмыстарының жүргізілуі себеп, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Павлодар қаласы ТҮКШ ЖК және АЖ бөлімінің мәлімдеуінше, № 2, 9, 11, 55, 152 автобустардың қозғалыс бағыттарына уақытша өзгерту енгізілді. 

- 10 мамырдан бастап, 31 мамырға дейін су құбырларына күрделі жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты Малайсары батыр-Бекмаханов көшеслері шекарасындағы Қамзин көшесі бойындағы автобустардың қозғалысы шектеледі, - делінген хабарламада.

№11, 55, 152 автобус бағыттары оңтүстіктен солтүстікке қарай Қамзин көшесі бойымен қозғалыс кезінде Бекмаханов көшесіне оңға бұрылады, одан әрі солға бұрылып Шағын айналма жолға, әрі қарай солға бұрылыс жасап Малайсары батыр көшесіне және оңға бұрылып Қамзин көшесіне шығады. Әрі қарай тиісті бағыт бойынша жүреді.

Кері қарай да осы бағытпен қатынайды.

№ 2, 9 автобус бағыттары оңтүстіктен солтүстікке қарай Камзин көшесі бойымен қозғалыс кезінде Бекмаханов көшесіне солға бұрылады, одан әрі оңға бұрылып Павлов көшесіне, содан кейін Естай көшесіне оңға бұрылыс жасай отырып, солға бұрылып Қамзин көшесіне шығады және әрі қарай тиісті бағыт бойынша жүреді.

Қамзин көшесі бойымен солтүстіктен оңтүстікке қарай қозғалыс кезінде солға Малайсары батыр көшесіне, одан кейін оңға Шағын айналма жолға бұрылыс жасайды, одан әрі Бекмаханов көшесіне оңға бұрыла отырып, солға бұрылып Қамзин көшесіне шығады және әрі қарай тиісті бағыт бойынша жүреді.