Павлодарлықтар 80-ші жылдары Қара теңізге дейін ұшқан
2024 жылы облыс орталығының әуежайы Алматыға ғана рейс жасайды. Ал 40 жыл бұрын рейс саны 30 есе көп болған. Pavlodarnews.kz тілшісі 1982 жылы шілдеде «Звезда Прииртышья» газетінде жарияланған Павлодар әуежайынан ұшақтардың қозғалыс кестесін зерттеді.
Кеңес Одағы уақытында Павлодар қаласында 37 қаламен авиахабарлама болған. Күн сайынғы 31 рейс жұмыс істеді. Мысалы, Қарағандыға ұшақ күніне алты ретке дейін ұшқан, оның ішінде үш рейс күнделікті болды. Ал көршілес Омбыға күніне бес рейс болған.
Павлодарлықтар маусымнан қыркүйекке дейін Сочи, Киев, ал мамырдан қазанға дейін Читаға дейін ұшақпен жете алатын. Сондай-ақ, Уфа (қазіргі Башқұртстан Республикасының астанасы), Ташкент, Фрунзе (қазіргі Бішкек) және шығыс сібір Красноярск, Ставрополь өлкесіндегі минералды сулар қаласына жету қиын болмаған. Жолаушыларға ұшақтың төрт түрі ұсынылды: 180 орынға есептелген ТУ-154, 52 орындық АН-24, 32 орындық ЯК-40. Петропавлға дейін сыймдылығы 19 адам құрайтын жеңіл Л-410 ұшатын.
Баға мәселесін келсек, Киев қаласына билеттер қымбатырақ – 64 рубль, Алматыға – 25, Шымкентке – 21, Ал Балқашқа – 17 рубльге ұшуға болатын.
АH-2, сыйымдылығы он адамға дейін, күн сайын жергілікті әуе желілерін аралады. «Кукурузник» жолаушыларды Железинка, Михайловка, Ертіс, Баянауыл, Краснокутск, Майқайың, Шалдай, Екібастұзға, сондай-ақ аптасына алты рет – Алтай өлкесінің Михайловское ауылына және сәуірден қазанға дейін Омбыға жеткізетін. Мұндай қанатты көлікпен Баянауылға сегіз рубльге, ал Екібастұзға бес рубльге жетуге болатын. Билеттер тек қалада ғана емес, Качир (қазіргі Тереңкөл), Ертіс, Шарбақты, Баянауыл аудандарында да сатылды. Әуе билеттерін алдын ала сату ұшудан 15 күн бұрын басталатын.
Бүгінде Павлодардан тек Алматыға дейін ұшуға болады. Бірнеше жыл бұрын ұшақтар Астана, Шымкент, Новосібір, Омбы қалаларына, тіпті Антальяға дейін ұшатын. Павлодар әуежайы жаңғыртудың екі кезеңінен өтеді – ұшу-қону жолағы мен аэровокзал ғимаратын қалпына келтіру. Бұған дейін ҚР Көлік министрі павлодарлықтармен кездесуде ұшу-қону жолағын қайта жаңартудың басталғанын жариялады, алайда мердігер әлі жұмысқа кіріспеді.