1 ақпанда Павлодар облысында жауын-шашын күтілмейді
ҚР солтүстік, шығыс аймақтарына Солтүстік циклон жырасының әсер етуіне байланысты қар жауып, тұман болады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
«Қазгидромет» РМК мәліметінше, республикамыздың оңтүстік аймақтарында атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуімен қар, жаңбыр түрінде жауын-шашын жауады.
Павлодар облысында көшпелі бұлт шығады, жауын-шашын күтілмейді.
Солтүстік-шығыстан жел соғады, күші секундына 5-10 метрді құрайды.
Ауа температурасы түнде -22-24, күндіз -12-14 градус аяз болады.
Фото: Константин Шелков