Павлодарда KIA RIO автокөлігі өртенді

Павлодарда KIA RIO автокөлігі өртенді

Жанған көлікті сол маңда қар тазалап жүрген тракторист сөндірді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz  тілшісі.

Бұл туралы Павлодар облысы төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

- 31 қаңтар күні сағат 11:33-те 101 пультіне Торайғыров көшесі, 46/1 мекен-жайы бойында автокөліктің жанып жатқаны туралы хабарлама келіп түсті. Жалын шыққан көлікті жақын маңдағы автотұрақта қар жинап жүрген "Горкомхоз" ЖШС - тракторист сөндірді. Ол автокөліктің өртенгенін байқап жиналған қарды жанып жатқан автокөлікке аудара салды, - делінген хабарламада.

Тарактористің қырағылығы мен жедел әрекетінің арқасында өрт ауыздықталды. Ол барр мүмкіндікті пайдалана отырып,  өрттің алдын алды.

Айта кетелік, ерлік танытқан азамат 1970 жылы дүниеге келген Едіге Жұмабеков.