Павлодарлық жас футболшылар ежелгі қарсыласын ұтты

Павлодарлық жас футболшылар ежелгі қарсыласын ұтты
Фото: автор

QJ League чемпионатында 15 жасқа дейінгі футболшылар арасындағы кезекті ойында «Ертіс» футбол орталығының командасы маңызды жеңіске жетті, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Жас өрендер принципті қарсылас – қарағандылық «Шахтерді» сырт алаңда тізе бүктірді. Кездесудің жалғыз голын Амаль Исаков соқты. Ол «кеншілердің» қақпасын алыстағы бұрышқа бағытталған айлакер, айналдыра соққымен дәл көздеді.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от «Ертіс» ФО | U21 | Павлодар (@ertis_footballcenter)

Нұрлан Байжұманов шәкірттері үшін бұл лигадағы екінші матч болды. Еске салсақ, олар биылғы маусымда QJ League турнирінде «Қайратқа» қарсы өз алаңында дебют жасап, 0:4 есебімен жеңілген еді.

Үшінші турда «Ертіс» өз алаңында «Таразды» қабылдайды. Ойын 2-3 мамыр күндеріне жоспарланған.

Айта кетейік, QJ League аясында 15 жасқа дейінгі футболшылар арасында Қазақстанның ең үздік 12 командасы бақ сынауда.