Ақсу колледжінің студенттері қала тазалығына үлес қосты

Ақсу колледжінің студенттері қала тазалығына үлес қосты
Фото: ұйымдастырушыдан

Олар 10-нан астам қап қоқыс жинады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Металлургтар қаласында «Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында сенбілік өтті. Іс-шараға Ақсу қара металлургия колледжінің 15 студенті қатысып, қала тазалығына өз үлестерін қосты.

– Біздің мақсатымыз – жастарды тазалыққа баулу, қоршаған ортаны қорғауға деген жауапкершілікті арттыру. Осындай сенбіліктер арқылы адамдарды таза орта құруға шақырамыз. Алдағы уақытта да жастарды қызықты әрі ойын-сауық форматындағы контент арқылы тазалық акцияларына тартуды жоспарлап отырмыз, – деді ұйымдастырушылар.

Сенбілік барысында қатысушылар жаяу жүргіншілер жолдарын тазалап, жол бойындағы қоқыстарды жинады, арамшөптерді жұлып, аумақты ретке келтірді. Жиналған тұрмыстық қалдықтар арнайы қаптарға салынып, жалпы саны 15 қап қоқыс шығарылды. 

Еске сала кетейік, бұған дейін экологиялық шара Баянауылда өтті. Онда эко-еріктілер бау-бақшаны тазарту жұмыстарын жүргізген еді.