Дауыс беруге бармағаны үшін жаза қарастырылған ба?
Сайлау құқығы – Қазақстан Республикасы азаматтарының конституциялық құқығы, міндеті емес, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
ҚР Орталық референдум комиссиясының мәліметі бойынша, дауыс беруге бармағаны үшін жауапкершілік (жаза) қарастырылмаған.
Сондай-ақ дауыс беру үшін кабинаға екі адамнан кіруге болмайды. Заң бойынша дауыс беру жасырын болуы қажет. Бұл дегеніміз, ешкім, тіпті жұбайы немесе жақын досы да референдумға қатысушының толтырылған бюллетенін көрмеуі тиіс. Алайда, бұл ережеден жалғыз ерекшелік бар: егер референдумға қатысушының бюллетеньді өз бетінше толтыруға мүмкіндігі болмаса (әдетте, бұл қарт адамдар, көру қабілеті нашар адамдар), ол референдумның учаскелік комиссиясының мүшелерін, байқаушыларды қоспағанда, референдумның басқа қатысушысының көмегін пайдалануға құқылы.
Мұндай жағдайда референдумның бұл қатысушысы кабинаға комиссияға хабарлағаннан кейін өзі көмектесетін адаммен бірге барады.