Екібастұзда волейболдан ашық турнир өтті

Екібастұзда волейболдан ашық турнир өтті
Фото: Константин Шелков

Аталмыш іс-шара әйелдер арасында ұйымдастырылған, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Қалалық білім беру бөлімінің мәліметінше, турнир Академик Қаныш Сәтбаевтың 125 жылдығы және Екібастұз инженерлік-техникалық институтының негізін қалаушы М.П. Марденовтің құрметіне арналған. 

Жарыс нәтижесі бойынша, Екібастұз қаласының командасы чемпион атанып, алтын медаль жеңіп алды. 

«Пайдалы ойыншы» номинациясы бойынша  №23 мектептің педагогы Наталья Андреева, «Үздік ойыншы» номинациясы бойынша № 23 ЖОББМ педагогы Айнүл Ерахметова,  «Үздік қорғаушы» номинациясы бойынша № 10 ЖОББМ педагогы Оксана Овчеренко марапатталды.

 Сондай-ақ, жүлдегерлер кубоктармен, грамоталармен және медальдармен марапатталды.