Павлодарда облыс волейболшылары күш сынасты

Павлодарда облыс волейболшылары күш сынасты
Фото: Павлодар облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы

Тартысты додада жиырмадан астам спортшылар тобы өнер көрсетті, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, 7-9 маусым күндері Баянтау спорт сарайында аймақ аудандарының әйелдер және ерлер командалары арасында волейболдан 27-ші облыстық кешенді спартакиада өтті.

Аталмыш жарысқа өңірдегі 12 ауданнан 23 команда қатысты.

Жарыс нәтижелері бойынша:

  • әйелдер командалары арасында бірінші орынды Павлодар ауданы, екінші орынды Ақтоғай ауданы, үшінші орынды Железин ауданы иеленді; 
  • ерлер командалары арасында алтын жүлде Железин ауданының, күміс медаль Баянауыл ауданының, қола жүлде Павлодар ауданының еншісіне кетті.