Баянауылдық волейболшылар республикалық чемпионаттан жүлдемен оралды

Баянауылдық волейболшылар республикалық чемпионаттан жүлдемен оралды
Баянауыл ауданы әкімдігінің инстаграм парақшасы

Дүбірлі додада еліміздің түкпір-түкпірнен келген 14 команда өзара бақ сынасты, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Түркістан облысының Түлкібас ауданында волейбол спорт түрінен Қазақстан Республикасының жазғы чемпионаты өтті.

Аталмыш іс-шараға 2012-2013 жылдары туған жасөспірімдер (ер балалар) қатысты. Баянауыл ауданының оқушылары Муслим Амантай мен Ұлан Тәңірберген Павлодар облысы құрама командасының құрамында ойнап, шеберліктерін көрсетті.

– Оқушыларымызды республикалық жетістікпен шын жүректен құттықтаймыз. Бұл – жас спортшылар үшін болашаққа үлкен қадам, – дейді  жеңімпаздардың жаттықтырушысы Мақсат Қанафия.

Әр команда жеңіске жету үшін бар күш-жігерін салып ойнады. Бірінші орынды Ақтөбе облысы, екінші орынды Маңғыстау облысының құрама командалары иеленді. Ал үшінші орын иегерлері Павлодар облысының құрамасы атанды.

Айта кетейік, аталмыш чемпионатқа қатысқан құрама командалар жарысы жоғары деңгейде өтті.