Еліміздің үздік волейбол ұжымдары Павлодарда ең мықтыны анықтайды
Одан бөлек, «Баянтау» спорт кешенінде ерлер арасындағы Ұлттық лига матчтары басталды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Чемпионатта екі ойын өтіп үлгерді. Көкшетаудың «Ұшқыны» «Тараздан» 0:3 есебімен ойсырай ұтылды. Енді біреуінде талдықорғандық «Жетісу-Жастар» «Атырауды» 3:1 есебімен ұтты. Бүгін Оралдың «Жайығы» мен алматылық «Буревестник» бақ сынасуда.
Бірінші ойын күнін алаң иелері – ел чемпионы әрі Кубогінің иегерлері «Павлодар» Петропавлдың «Есілімен» ойнайды. Екі ұжымда қазан айында Қазақстан Кубогінде кездескен еді.
Ақтық матч аса тартысты өтіп, павлодарлықтар соңғы сетте жеңісті жұлып алған болатын – 3:2. Петропавлдықтар екі мәрте есепте алға шығып отырған, алайда «Павлодар» сәт сайын есепті теңестіріп отырды. Тай-брейкте алаң қожайындары 18-16 есебімен жеңіске жетті.
Матч 17:30-да «Баянтау» СК өтеді. Ел чемпионаты 18 қарашаға дейін жалғасады. Ойындарды Қазақстан волейбол федерациясының Youtube-арнасынан да көруге болады.
Фото: Валерий Бугаев