Екібастұздық кәсіпкер асқабақ түріндегі жылжымалы вагон арқылы кәсібін өрбітпекші

Екібастұздық кәсіпкер асқабақ түріндегі жылжымалы вагон арқылы кәсібін өрбітпекші
Фото:pixabay.com

Облыстық «Бір ауыл-бір өнім» бағдарламасының тағы бір финалисі асқабақтан табиғи және көп компонентті шырындарды шығарады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Алма Шаукенқызы әже бастаған отбасылық бизнесін жалғастырған. Кәсіпкер өнімнің бірегейлігі-Павлодар облысында табиғи шырындар өндірушілері жоқтығында деп айтады. Ол оның өнімдері туралы тек Қазақстанда ғана емес, одан тыс жерлерде де танымал болғанын қалайды.

– Біздің тауар 100 пайыз - табиғи өнім. Шырындарда жасанды қоспалар, хош иістендіргіштер мен дәм күшейткіштер жоқ, – деп атап өтті Алма Шаукенқызы.

Ол шырынды екі жолмен шығарады – тікелей суық сығу және асқабақты өзінің пайдалы қасиеттерін жоғалтпай термиялық өңдеуден өткізу. Ай сайын кәсіпкер асқабақ, сәбіз, зімбір тамыры, апельсин, лимон, қант және судан тұратын шамамен 100-150 литр шырын шығарады. 

Бүгінде Алма Шаукенқызы өз кәсібін кеңейту үшін қосымша қаржыландыру ретінде он миллион теңге қажет. Оның бесеуін көрмелерге, жәрмеңкелерге қатысу үшін барлық қажетті жабдықтары бар үлкен асқабақ түріндегі жылжымалы вагон-дүңгіршек салуға, тағы бес миллионын дайын үй -жайды қайта жаңартуға жұмсау жоспарлануда.