«Ертіс орманында» объективке Қызыл кітапқа енгізілген құс түсті
Оны резерват қызметкерлері далалық жұмыстар кезінде кездестірді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Мемлекеттік табиғи орман резерваты баспасөз қызметінің мәліметінше, орман саябағының аумағында құстардың 50 түрі мекендейді. Олардың төртеуі – Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына енгізілген: үкі, бүркіт, ителгі, безгелдек.
Ғылым, ақпарат және мониторинг бөлімінің қызметкерлері бүркіттің балапанына табиғи резерват фаунасын зерттеу және бақылау кезінде кезікті.
– Бұл сирек кездесетін құс Қазақстанның Қызыл кітабына еңгізілген. Бүркіт – сұңқарлар тұқымдастарының ең үлкен өкілі. Бүркіттің қанаттарының ұзындығы 2,5 метрге, салмағы 7 килограмға жетеді. Оның күші ересек қой немесе бұзауды өлтіруге жеткілікті. Бірақ бүркіт үлкен олжаны сирек аулайды, оның мәзірі қояндар мен кеміргіштерден тұрады. Құс отырықшы өмір сүреді, – деді резерватта.
2023 жылы Резерватта бүркіт саны 95 дарақты құрады.
Резерватта бұл құс заңмен қорғалғанын және қорғауға мұқтаж екенін еске салды.
Посмотреть эту публикацию в Instagram