Екібастұзда электрмен жабдықтау жөніндегі қызметке шекті баға жобасы таныстырылады

Департамент тұрғындарды жария тыңдауға шақырды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Павлодар облысы бойынша департаментнің мәліметінше, тұтынушыларды «Горэлектросеть» ЖШС электрмен жабдықтау жөніндегі қызметтеріне шекті баға жобасын қарау бойынша жария тыңдау өтеді.
– Жария тыңдау 18 шілдеде сағат 15:00 де Мәшһүр Жүсіп көшесі 101 (Достық үйі) мекенжайында өтеді, – деді департаментте.
Тыңдау тікелей эфир форматында департаменттің Facebook ресми парақшасында
https://www.facebook.com/profile.php?id=100064953654562 жүргізіледі.
Департамент осы жария тыңдауға ҚР Парламентінің, мәслихаттың депутаттарын, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының, мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерін, сондай-ақ, тұтынушыларды, тәуелсіз сарапшыларды және өзге де мүдделі тұлғаларды қатысуға шақырады.
Анықтама телефоны: 8 (7182) 61-59-55.