Ертіс ауданында жол жөндеу жұмыстары басталды

Ертіс ауданында жол жөндеу жұмыстары басталды
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Жоба үш жылға жоспарланған, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Бұл туралы аудан әкімдігінде мәлімдеді.

Биыл ауданда жол жамылғысын қалпына келтіру және жақсарту жобаларын жүзеге асыру жалғасады. Мамыр айында ауылішілік жолдарға орташа жөндеу жұмыстары басталады. Атап айтқанда, Қажымұқан және 2-Набережная көшелерінде жөндеу жұмысы қарқын алады. Тас жолдарды ретке келтіруге қаржы облыстық бюджеттен бөлінді. Бүгінгі таңда мердігерлермен келісімшарт жасалды, - делінген хабарламада.

Бұдан бөлек, ауданда жекелеген жол учаскелеріне күрделі жөндеу жүргізу де жоспарланған. Мұнда Мерей көшесінің 0,4 шақырымы және Кутурги көшесінің 0,7 шақырымы. Қазіргі уақытта мердігерлерді анықтау үшін конкурс жүргізілуде.

Ертіс ауданы әкімдігінің ақпаратына сүйенсек, тағы сегіз көшені күрделі жөндеуге арналған жобалық-сметалық құжаттама дайындалған. Олардың қатарында Мерей, Кутурги, Бурягин, Фрунзе, Островский, Строительная, Демин және Рамазанов көшелері бар.

Жол жұмыстарына жыл сайын қаражат бөлінуі бұл жобаларды кезең-кезеңімен жүзеге асыруға мүмкіндік бермек.