Павлодарлық ару көрермен көзайымы сыйлығына ие болды

Павлодарлық ару көрермен көзайымы сыйлығына ие болды
Фото: Раиса Райымбекова ұсынды

Алматыда «Қазақстан аруы – 2023» ұлттық сұлулық байқауының қорытындысы жарияланды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Биыл экологияны қорғау аясында «Болашақты аяла» - «Защити будущее» ұранымен ұйымдастырылған байқауда 25 қыз бақ сынады. Олардың арасында өңірлік іріктеу кезеңінен өтіп,  «Павлодар аруы-2023»  атанған Аделина Бағымбаева Павлодар облысының атынан қатысты.  

Байқаудың шарты бойынша келесі талаптар қойылды: қатысушылардың жастары 18-25 арасында болуы, бойлары 165 см-ден кем болмауы, ҚР азаматы, тұрмыс құрмаған әрі балалы болмауы тиіс.

Қазылар алқасының шешімімен жерлесіміз Аделина Бағымбаева сайтта дауыс беру арқылы көрермен көзайымы сыйлығының иегері атанды және үздік бестікке енді. Ол 13 жасынан киокушинкай каратэмен айналысады, каратэ және әйелдерге өзін-өзі қорғау спорт түрі бойынша жаттықтырушы. Моделингпен әуестенеді, визажист болып жұмыс істейді және билегенді ұнатады.