Павлодарлық жас математик Ұлыбританиядан қола медальмен оралды

Павлодарлық жас математик Ұлыбританиядан қола медальмен оралды
Фото: pexels.com

Олимпиадаға 110 мемлекеттен 600-ге жуық оқушы қатысты, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

14-22 шілде аралығында Ұлыбританияның Бат қаласында математика пәні бойынша оқушылардың халықаралық олимпиадасы (IMO-2024) өтті. Қазақстан құрама командасында алты қатысушы барған. Олардың ішінде халықаралық, республикалық олимпиадалардың бірнеше дүркін жеңімпазы және жүлдегері, дарынды балаларға арналған № 8 лицей-мектебінің 11-сынып оқушысы Владимир Роговский болды.

Олимпиада қорытындысы бойынша Владимир Роговский қола медаль иегері атанды. 

Еске сала кетейік, бұған дейін жас математик аталмыш олимпиадаға қатысқан болатын. Сол кезде де қола медалінің иегері атанды.