Павлодар облысында күздің аяғында жылы күндер әлі жалғасады

Павлодар облысында күздің аяғында жылы күндер әлі жалғасады
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

17–23 қараша аралығында облыс аумағында құбылмалы ауа райы сақталады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

«Қазгидромет» РМК-ның мәліметінше, 18 қарашада  күн ашық болады. Түнде шығыс және оңтүстік бөлігінде тұман түседі. Ауа температурасы  түнде -1…-6°С, күндіз -1…+4°С-қа дейін көтеріледі.

19 қарашада  жауын-шашын күтілмейді. Сынап бағанасы түнде -1…-6°С, күндіз +3…+8°С-ты көрсетеді. 

20 қарашада күндіз қар аралас жаңбыр жауады. Ауа температурасы түнде -2…+3°С, күндіз +1…+6°С-қа дейін көтеріледі. Желдің жылдамдығы күндіз облыстың батысы мен оңтүстігінде секундына 15-20 метрге дейін күшейеді.

21 қарашада түнде оңтүстік және шығыс бөлігінде қар, жаңбыр, тұман және көктайғақ күтіледі. Сынап бағанасы түнде 0…-5°С, күндіз -2…+3°С-ты көрсетеді. Жел оңтүстік-батыстан секундына 9-14 метрге дейін соғады.

Сенбіде қар аралас жаңбыр жауады. Ауа температурасы түнде -2…+3°С, күндіз +1…+6°С шамасында болады. Желдің жылдамдығы секундына 9–14 метрге, оңтүстікте 15–20 метрге жетеді.

23 қарашада облыстың оңтүстік жартысында қар, жаңбыр, тұман және көктайғақ болады. Сынап бағанасы түнде -3…+2°С, күндіз -3…+2°С-ты көрсетеді. Жел солтүстік-батыстан секундына 9–14 метрге, ал екпіні 15–20 метрге дейін жетеді.