Nazima Павлодардың соңғы концертіне келмейтін болды

Nazima Павлодардың соңғы концертіне келмейтін болды
Фото: Константин Шелков

Шара Black Star-лық әншісіз өтеді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

«Ertis promenade» сахнасында өтетін соңғы концертке ұйымдастырушылар өзгерістер енгізді. 

–  Мерекелік іс-шарада Nazima өнер көрсетпейтін болды. Бұл әншінің орнына кім өнер көрсететіні әзірге белгісіз, – дейді қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінде.

Айта кету керек, «Ertis Рromenade» маусымының жабылуына арналған соңғы конецертте Дильназ Ахмадиева мен Kalifarniya ән шырқайтын болады.