Павлодарда арнайы жейделер мен ойыншықтар қойылған жәрмеңке өтті

Павлодарда арнайы жейделер мен ойыншықтар қойылған жәрмеңке өтті
Фото: Константин Шелков

Шара Наурыз  мейрамы аясында ұйымдастырылды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz

Павлодар облысы азаматтық альянсының төрағасы Светлана Могилюктың сөзінше, павлодарлық үкіметтік емес ұйымның қырық мүшесінің сегізі альянс негізінде өз жұмыстарын ұсынды.

– Жәрмеңкенің мақсаты – балалар мен ересектердің, соның ішінде мүмкіндігі шектеулі жандардың, қарапайым шығармашыл адамдардың мүмкіндігін көрсету, – деді спикер. 

Оның айтуынша, қала тұрғындары мен қонақтары керамикалық бұйымдарды, ойыншықтарды, шарфтарды, туристік әдебиеттерді тамашалай алады. Сонымен қатар, «Павлодар» жазуы бар футболкаларды сатып алып, мерекелік дастарханнан дәм татады

Мұндай жейделер қала қонақтарына, павлодарлықтардың өз қаласының тарихын білуге және мақтан етуге арнап жасалған.

Көрме Павлодардың табиғатымен танысып  қана қоймай, басқа өңірлерге саяхат жасауға мүмкіндік береді. Павлодар география үйінің төрағасы Александр Вервекин атап өткендей, мұнда әртүрлі туристік орындарға арналған карталардың үлгілері, сондай-ақ павлодарлық мұрағатшылар дайындаған өлкетану әдебиеттері орналастырылған.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, жәрмеңке сағат 16:00-ге дейін жалғасады.  Қала тұрғындары мен қонақтары жәрмеңкені Лермонтов көшесі, 44 мекенжайына барып тамашалай алады.

Фото: Константин Шелков