Павлодарда фестиваль-конкурстың бас жүлдесін Естай атындағы БММ ересек хоры алды
Екі күндік 56-шы облыстық фестиваль-конкурсы мәреге жетті, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Облыстық білім беру басқармасының мәліметінше, оған өңірлік балалар музыка мектептері мен балалар өнер мектептерінде оқитын жас музыканттары қатысқан. Байқаудың жас қатысушылары екі күн бойы өздерінің орындаушылық шеберліктерін көрсетіп, үздік болу құқығы үшін жарысты.
– Конкурс барысында жаңа жарқын орындаушылар мен виртуоздардың өнерін тамашаладық. Байқау сәтті өткізілді: дайындық сапасы, бағдарламалық талаптар өте жоғары деңгейде болды. Қазылар алқасы мен ұжым атынан конкурсқа қатысушыларға, педагогтарға, мектеп әкімшіліктеріне, басшыларға, сондай-ақ барлық ата-аналарға дайындықтары үшін алғысын білдіремін, – деді музыкалық колледж-дарынды балаларға арналған музыкалық мектеп-интернат кешенінің басшысы Серік Сыздықов.
«Фортепиано» номинациясы бойынша үшінші дәрежелі дипломдармен Ульяна Столярова, Амина Кобзина, Аружан Ерманова, Дінмұхамед Беспаев,
Камилла Сайкен, Риза Ахметова, екінші дәрежелі дипломдармен
Інкар Төлегенова, Динель Түсіпбаева, Әдемі Бейсен, Айым Сәдуақасова, Алиса Чистова, бірінші дәрежелі дипломдармен
Амелия Звягина, Сафия Абгужинова, Жансая Нығмет марапатталды.
«Хор ұжымдары» номинациясы бойынша үшінші дәрежелі дипломдарына ересек сыныптар хоры, Баянауыл ауылының БӨМ,
Шарбақты ауылы БММ хоры иеленді.
Екінші дәрежелі дипломдарға Құрманғазы орта мектеп хоры ие болды. Жетекшілері – Г. Макышбаева, А. Федунова.
Бас жүлдені Естай атындағы БММ ересек хорына табысталды.