Павлодарда тұрғын үйлердің жартысы сусыз қалды
Су екі сағаттан кейін қайтадан беріледі, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
«Павлодар-Водоканал» ЖШС-ның мәліметінше, Оңтүстік су жинау станцияда 15:45-те кернеу көтерілді. Осыған байланысты шаруашылық ауызсу сорғылары ажыратылды.
– Бүкіл жүйе қайта іске қосылды. Қазіргі уақытта қала бойынша су төмен қысымда берілуде. Қысым екі сағат ішінде қалыпқа келеді,– делінген хабарламада.
Компания келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұрайды.