Павлодар облысында тыйым салынған кезеңде балық аулаған екі азамат жазаланды
Рейдтік іс-шаралар барысында су қоймалары иесіз торлардан тазартылуда, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Үрлітүп орман және жануарлар әлемін қорғау жөніндегі мекемесі баспасөз қызметінің мәліметінше, 22 мамыр күні рейдтік іс-шаралар барысында «Ертіс өзенінің жайылымы» ерекше қорғалатын табиғи аумақта уылдырық шашу кезеңінде екі азамат жасаған балық аулау Ережелерін өрескел бұзудың екі фактісі анықталды.
– Оларға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодекстің 383-бабының 3-бөлігінде көзделген екі әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалар жасалған, – дейді баспасөз орталығында.
Айта кетейік, Үрлітүп орман және жануарлар дүниесін қорғау мекемесінің орман күзеті Железин және Ертіс өңірлерінде, оның ішінде мемлекеттік орман қоры аумағында орналасқан су қоймаларында табиғатты қорғау заңнамасын бұзушылықтардың алдын алу және анықтау бойынша күн сайын жоспарлы (рейдтік) іс-шараларды жүргізуде.
Сондай-ақ, рейдтік іс-шаралар барысында Ертіс өзенінде Железин ауданы Моисеевка ауылының маңында бұралған жіптен жасалған иесіз екі тор жойылып, кейін жойылған су қоймаларын қараусыз қалған торлардан тазарту жұмыстары жүргізілді.