Павлодарда екі қабатты ғимарат өртенді

Павлодарда екі қабатты ғимарат өртенді
Фото: ТЖД

Тілсіз жаудың жалпы ауданы 100 шаршы метрді құрайды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Облыстық төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 19:00 шамасында Сәтбаев көшесінде орналасқан екі қабатты қараусыз қалған ғимараттың өрті жайлы хабарлама келіп түсті. Оқиға орнына 5 бірлік техника және жеке құрамның 16 құтқарушысы жұмылдырылды. 

Оқиға орнына жеткенде жалпы алаңы 100 шаршы метрді құрайтын шатырдың ағаш құрылымдары жанып жатқаны анықталды. Өрт 19:36-да оқшауланып, 20:44-те сөндірілді.

Зардап шеккендер жоқ, өрттің себебі мен шығыны анықталуда.