Павлодар облысында премиум сападағы сүт өнімдері шығарылады
Өңірде роботтандырылған тауарлы сүт фермасы салынуда, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының мәліметінше, Ковалевка ауылында премиум сапалы сүт өнімдері шығарылатын болады.
Құны 3,1 миллиард теңге болатын жобаны «БИК» шаруа қожалығы іске асырмақ.
– «БИК» шаруа қожалығы өсімдік және мал шаруашылығымен айналысады. 50 мың гектардан астам егістік алқаптары бар. Сондай-ақ, ангус тұқымының етті малын өсіреді, – деді басқармада. – Ағымдағы жылы компания роботтандырылған тауарлы сүт фермасын пайдалануға беруді жоспарлап отыр.
Аталмыш шаруа қожалықтың басшысы Қуаныш Баймағамбетовтің айтуынша, 500 басқа арналған тауарлы сүт фермасын салу жөніндегі инвестициялық жобаны іске асыру 2022 жылы басталған.