Павлодарда «Ертіс дауысы» финалы мен BileFest фестивалі өтеді

Павлодарда «Ертіс дауысы» финалы мен BileFest фестивалі өтеді
Фото: Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосурет

Апта бойы Ertis Promenade сахнасында спорттық жаттығулар, концерттер мен фестивальдер жоспарланған, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

13-19 шілде аралығында Ertis Promenade алаңы түрлі бағыттағы іс-шаралардың орталығына айналады. Апта бағдарламасы спорттық жаттығулардан басталады. 

13-16 шілде күндері сағат 20:00-21:00 аралығында TOP STAR фитнес-клубының нұсқаушыларымен «Павлодар спортта» жобасы аясында ашық жаттығулар өткізіледі.

15 шілдеде сағат 19:00-20:00 аралығында LEONE D’ORO фитнес-клубы BODY COMBAT бағдарламасын ұсынады.

17 шілдеде сағат 18:00-де «Мерейлі отбасы» қалалық байқауының жеңімпаздары марапатталады. Одан кейін, сағат 19:00-де Аққулы ауданының шығармашылық ұжымдары концерттік бағдарлама қояды.

18 шілде күні таңғы сағат 09:00-де «Павлодар спортта» жобасының кезекті жаттығуы өтеді. Ал кешкі сағат 19:00-де «Ертіс дауысы» қалалық таланттар байқауының финалы басталып, арнайы қонақ ретінде «Формат» тобы өнер көрсетеді.

Апталық бағдарлама 19 шілдеде сағат 19:00-де Ertis Promenade сахнасында өтетін V BileFest би фестивалімен қорытындыланады.