Павлодарда «Ертіс» – «Жеңіс» матчы қоғамдық тәртіп бұзушылықсыз өтті
Футбол клубтарының кездесуі кезінде қоғамдық тәртіп пен көрермендердің қауіпсіздігін полиция қызметкерлері қамтамасыз етті, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Матч басталғанға дейін тәртіп сақшылары стадион аумағында кешенді профилактикалық шаралар жүргізіп, қауіпсіздік талаптарының сақталуын тексерді. Ойын барысында полиция қызметкерлері трибуналарда және стадионға іргелес аумақта кезекшілік етіп, туындауы мүмкін жағдайларға жедел ден қойды.
Полицейлер қоғамдық орындардағы тәртіптің сақталуына ерекше көңіл бөліп, жанкүйерлер арасында құқық бұзушылықтар мен жанжалдардың алдын алды.
Полицияның, матч ұйымдастырушыларының және қауіпсіздік қызметтерінің үйлесімді жұмысының нәтижесінде спорттық кездесу тыныш әрі қауіпсіз жағдайда өтіп, қоғамдық тәртіп бұзылған жоқ.
Павлодар облысы полиция департаментінің мәліметінше, бұқаралық спорттық және мәдени іс-шаралар кезінде қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету – құқық қорғау органдары жұмысының басым бағыттарының бірі. Бұл тұрғындар мен қала қонақтарының жайлы әрі қауіпсіз ортада демалуына мүмкіндік береді.