Павлодарда жастар есірткі жарнамасы бар граффити мен жазулардың көзін құртты

Павлодарда жастар есірткі жарнамасы бар граффити мен жазулардың көзін құртты
Фото: Автор

«Ерке Ертістің жағасында нашақорлыққа жол жоқ!» ұранымен есірткіге қарсы акция өтті, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Іс-шара Естай атындағы мәдениет сарайының стилобатынан басталды. Акцияға құқық қорғау органы, қоғам өкілдері, студенттер мен жастар бірлестіктерінің белсенділері және қала әкімнің орынбасары Светлана Гладышева, прокуратура қызметкерлер қатысты.

–    Акцияда есірткіге, нашақорлыққа қарсы жұмыстар жүргізіледі. 20 қызметтік көлік, әр бөлімнен бір қызметкер, еріктілер студенттер қатысты, – деді Павлодар қаласы полиция басқармасы ЖПҚБ бастығының орынбасары Азамат Нұрахметов.

Акция барысында есірткіге байланысты жарнамалық граффити жазбасының көзі жойылды. Сондай-ақ, іс-шара барысында қоғамдық орындарда жадынамалар таратылып, тыйым салынған заттарды, оның ішінде синтетикалық есірткілерді тұтыну мен таратуға қатысты жауапкершілік, олардың денсаулыққа тигізетін зардаптары туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді.