Павлодарда саяжайларға қатынайтын трамвайлар қозғалысы басталады

Павлодарда саяжайларға қатынайтын трамвайлар қозғалысы басталады
Фото: Константин Шелков

Ол 11 сәуірден бастап қолданысқа енеді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Шаһарда саяжай маусымының басталуына орай «Сад Нефтяник» бағытына қатынайтын трамвайлардың қозғалыс кестесі бекітілді. Биыл да өткен жылғыдай саяжайларға сегіз вагон қатынайды. Бұл бағытта әртүрлі маркалы трамвайлар жүреді, ал қозғалыс аралығы шамамен 30 минутты құрайды.

Жұмыс күндері алғашқы трамвай Ладожская соңғы аялдамасынан 07:41-де, ал Ворушин аялдамасынан 08:03-те жолға шығады. Демалыс күндері қозғалыс ертерек басталады: Ладожскаядан – 06:55-те, Ворушинан – 07:50-де.

Саяжайдан қалаға соңғы трамвай жұмыс күндері №3 маршрут бойынша 19:43-те, №4 маршрут бойынша 20:32-де қатынайды. Ал демалыс күндері №3 маршрут – 21:28-де, №4 маршрут – 21:32-де жолға шығады.

Айта кетейік, барлық бағыттар бойынша жол жүру тарифі бірдей. №3 маршрут Ладожскаядан Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы арқылы «Сад Нефтяник» саяжайына дейін қатынайды. Ал №4 маршрут Ворушин аялдамасынан Мәшһүр Жүсіп көшесі арқылы осы бағытта жүреді.