Павлодар – Түркістан бағытында жаңа жылдық пойыз жолға шықты
Жаңа жылдық безендірілген пойыз ересектер мен балаларға мерекелік көңіл күй сыйлады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
«Қазақстан темiр жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметінің мәліметінше, дәстүр бойынша Жаңа жыл қарсаңында компания жолаушыларға мерекелік көңіл күй сыйлау мақсатында пойыздарды жаңа жылдық стильде безендіреді.
Бүгін Астанадан Бурабай курортына № 7507/7508 безендірілген жаңа жылдық электр пойызы бірінші рейске аттанды.
– Пойыз шырша ойыншықтарының суреттерімен, гирляндалармен және қар ұшқындарымен безендірілген. Мерекелік пойыз оқушылардың жаңа жылдық демалыстары аяқталған уақытқа дейін жүреді, – дейді баспасөз қызметінде.
Биылғы жылы жаңа жылдық пойыздар тағы төрт бағыт бойынша қатынайды:
№4/3 «Астана-Нұрлы жол-Алматы»
№77/78 «Алматы-Маңғыстау»
-№45/46 «Павлодар-Түркістан»
-№38/37 «Маңғыстау-Семей».
Вагондардың жолсеріктері Жаңа жылдың басты ертегі кейіпкерлері – Аяз Ата мен Ақшақар бейнесінде осы пойыздардың жолаушыларын келе жатқан мерекемен құттықтап, балаларға сыйлықтар табыстайды. Сондай-ақ, кішкентай жолаушылар өздерінің тілектері мен хаттарын вагондарға орнатылған пошта жәшігі арқылы Аяз Атаға жібере алады.
⠀