Павлодарда көлік өртінен бір үйлі жан зардап шекті

Павлодарда көлік өртінен бір үйлі жан зардап шекті
Фото: pixabay.com/AlexDE

Зардап шеккен ерлі-зайыптыларды балаларымен бірге ауруханаға жеткізді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, Павлодар қаласы Олжабай батыр көшесі мекенжайы бойынша автокөліктің жануы туралы хабарлама келіп түскен.

Келген өрт сөндірушілер жедел сөндіруге кірісіп, жарылысқа жол бермеді, – деді департаментте.

Сондай-ақ, жедел жәрдем қызметкерлері мен ТЖД АМО бригадасы зардап шеккен 5 адамға, оның ішінде әйел мен күйік шалған жүргізушіні қарап, оларға көмек көрсетіп, балаларымен бірге ауруханаға жеткізді.

Төтеншеліктер тұрғындарға автокөліктегі өрт қауіпсіздігі шараларын қатаң сақтауды ескертті.