Павлодарлық мектептерде лазерлік ату тирі бар «Жас сарбаз» кабинеттері ашылды

Павлодарлық мектептерде лазерлік ату тирі бар «Жас сарбаз» кабинеттері ашылды

ҚР Тәуелсіздік күні қарсаңында № 2, 7, Ш. Шөкин атындағы мектептерде арнайы кабинеттер жабдықталды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Қалалық білім беру бөлімінің мәліметінше, кабинеттерді ашу құқығы интернационалист жауынгер Айша Үсембаеваға берілді.

– «Жас сарбаз» кабинеті – бұл жай ғана оқу орны емес, оқушыларымыздың еліміздің әскери тарихын, әскер қызметтіндегі маңыздылықты, патриотизмді қалыптастыра алатын орын. Мұндай кабинеттерді ашу тәртіп пен үлгерімді арттыруға, белсенді азаматтық ұстанымды қалыптастыруға, өз Отанын бағалауға және өз батырларын білуге мүмкіндік береді, – дейді Айша Үсембаева.

Кабинеттердің ашылу салтанатында интернационалист жауынгерлер Талғат Тұрлыбеков, Николай Любимов, Павлодар қорғаныс істері жөніндегі басқарма бастығының орынбасары Ораз Мырзалин құттықтау сөз сөйледі.

«Жас сарбаз» кабинеттерде алғашқы әскери және технологиялық даярлықтың барлық бөлімдері бойынша стендтер бар және лазерлік ату тирімен жабдықталған. Бұл оқушылар алған білімдерін тиімді пайдалануға және АК-74 мергендік мылтықтан ату бойынша тәжірибе сабақтарда қолдануға мүмкіндік береді.