Павлодардағы бәйгеде көрермендерге тұрмыстық техникалар таратылды (ВИДЕО)

Павлодардағы бәйгеде көрермендерге тұрмыстық техникалар таратылды (ВИДЕО)
Фото: Константин Шелков

Көкпар мен бәйге жарысындағы жүлде қоры 6 миллион теңгені құрады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Қала күніне орай «Құлагер» ипподромында ұлттық ат спорты ойындары өтті. Бұл жарысқа тек аймақ атбегілері ғана емес, еліміздің өзге өңірлерінен де келген меймандар қатысты.

Мерекелік іс-шараның басы көкпаршылардың тартысты ойынымен басталды. Көкпар ойындарында үздік атанған екібастұздық "Ақкөл" құрамасы болды.


- Ұйымдастырушыларға алғысымызды білдіреміз. Осындай дүбірлі той жасап, үлкен дода ұйымдастырғаны бізді қуантады әрине. Бүгін Алланың қалауымен жеңімпаз атандық. Ойындарымыз жастарға үлгі болса дейміз. Өзіміздің ауылда да артымыздан ерген жастардың командасы бар,- дейді "Ақкөл" құрамасының ойыншысы Еркебұлан Егінбаев.

Мерекелік іс-шара барысында келушілердің арасында лоторея ойнатылды. Лотореяда велосипед, салқындатқыш, қысқа толқынды пеш сынды тұрмыстық техникалар болды.

- Тай бәйгесіне 15-ке жуық қатысушы тіркелді. Ал "Аламан" бәйгеде шамамен 10 тұлпар додаға түсті.  Бәйгеден бөлек көрермендер арасында лоторея ойындары өткізілуде. Бұл лотореяда тұрғындар мен қонақтар түрлі тұрмыстық техникаларға ие бола алды,- дейді қала әкімінің орынбасары Светлана Гладышева.

Оның айтуынша, 22 шілде күні орталық жағажайда қала күні тойланады.

Айта кету керек, бәйге мен көкпар ойындарының жүлдегерлері мен жеңімпаздарына ақшалай сертификат табысталды. Бәйге жеңімпаздарын Павлодар облысының әкімі Асайын Байханов марапаттады.

Бүгінгі аламан додада жүлделі болғандар:
Тоқ бәйге
1 - Абай облысы,«Тасқара»
2 - Павлодар,  «Золотой»
3 - Май ауданы, «Көкдауыл»

Тай бәйге
1 - Астана,  «Байторы»
2 - Ақтоғай,  «Шулат»
3 - Баянауыл, Қызылтау,  «Құндыз»

Аламан бәйге
1 - Павлодар, «Тойбастар»
2 - Абай облысы, Зайсан «Қаршыға»
3 - Май ауданы, Саты,«Қозкерен»

Көкпар
1 – Ақкөл құрамасы, Екібастұз ауданы
2 – Ақшиман құрамасы, Май ауданы
3 - Баянауыл құрамасы, Баянауыл ауданы.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от qaz.pavlodarnews.kz (@qaz.pavlodarnews.kz)

Фото: Константин Шелков