Павлодарлық паратаэквондошылар Мексикада жүлдегер атанды
Олар екі қола жүлдеге ие болды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі
Мексиканың Веракрус қаласында паратаэквондодан төрт күнге созылған әлем чемпионаты өтті. Жарысқа 45 елден 274 спортшы қатысты. Қазақстан құрамасы сапында таэквондодан 13 спортшы бақ сынады. Олардың қатарында екі павлодарлық Дәурен Серіков пен Карен Овсепян бар.
Қазақстан құрамасындағы жаттықтырушы Талғат Нұрбаевтың айтуынша, пара-таэквондодан жарыстар ұпай жинау үшін электронды қорғаныш кеудешеде өткізіледі.
– Чемпионат екі категория бойынша өтті – пумсе және киригири. Бағалау жүйесі баллдық негізде болды. Спортшыларымыз 70-80 келі салмақ дәрежесінде сынға түсті, – деді жаттықтырушы.
Қазылар алқасының қорытындысы бойынша павлодарлық Дәурен Серіков пен Карен Овсепян екі үшінші орынға ие болды.
Жеңімпаздарға жүлде қоры мемлекет тарапынан бөлінеді. Бірінші орынға – 15 мың доллар, екінші орынға 10 мың доллар табысталады. Біздің спортшылар екі қола медаль үшін 5 мың доллардан алған.
Әсия Серікова