Ақсуда «ЕЭК» АҚ хоккей командасы алтын кубокты ұтып алды

Ақсуда «ЕЭК» АҚ хоккей командасы алтын кубокты ұтып алды

@Pavlodarnews.kz тілшісі зауыт пен электр станциясы жұмысшылары арасындағы керемет ойынға куә болды. Аталған турнир төртінші рет ұйымдастырылып отыр.

Ақсу «ЕЭК» АҚ электр станциясы басшысының кубогын сарапқа салған үш команда бақ сынады. Жарыста электростанцияның, алюминий және фероқорытпа зауыттардың құрамалары қатысты.

Ақсу ферроқорытпа зауытының «қызыл» командасы алғашқы екі кезеңде қарсыластарынан екі ұпайға басым түсті. Бірақ ойынның үшінші кезеңінде «Энергетик» командасы финалға шығу мүмкіндігін пайдаланып, үш минуттық аралықпен қарсыластар қақпасына екі гол соқты.

Екінші кездесуде алюминий және ферроқорытпа зауыттарының командалары финалға жолдама алу үшін күресті. Алғашқы екі кезеңде бірінші команда 4:0 есебімен сенімді алға шықты. Үшінші кезеңнің басында Ақсу металлургтер есепті теңестірді. Бірақ бұл оларға көмектеспеді. Овертаймда «Қазақстан алюминийі» АҚ командасы 5:4 есебімен жеңіске жетіп, қарсыласын үшінші орынға ығыстырды.

Турнирдің финалына жанкүйерлер қызу қолдау танытты. «Қазақстан алюминийі» АҚ құрамының арасында жас шабуылшы Адам Ахметов энергетиктердің қақпасына бірнеше гол соғып, ерекше көзге түсті.

«ЕЭК» АҚ «ақ-сары» командасы бірінші кезеңнің басында артта қалды. Орындалмаған сәттер көп болды. Таймаутты алып, қақпашыны ауыстырған ақсулықтар ойынды өз қолдарына алды.  Шайбаға иелік ету жетпіс пайызды құрады. Күшті қарсы шабуылдар, дәл пастар мен комбинациялар бірнеше гол соғуға көмектесті. Үшінші кезеңде «Энергетик» екі есе айырмамен алға шықты – 12:6. Соңғы минуттарда павлодарлық ойыншылар тағы бір гол соқты, бірақ бұл жағдайды сақтап қала алмады.

Турнир соңында кубок «ЕЭК» АҚ «Энергетик» командасына бұйырды. Күміс жүлдені «Қазақстан алюминийі» АҚ командасы иеленді. АФЗ «Металлург» үшінші орын алды. Әр команда ақшалай сыйлықтарға ие болды.

«Үздік мерген» аталымында металлургтік Батырбек Асанов марапатталды.  Жеңімпаз командадан Жақсылық Мұстафин «Үздік қорғаушы» атанды. Қақпашылар арасында бұл атақ үш матчты алмастырусыз өткізген «Қазақстан алюминийі» АҚ командасының ойыншысы Андрей Атановқа берілді.

«ЕЭК» АҚ операциялық директоры-бас инженері Данияр Шабанбаевтың айтуынша, мұндай шаралар жұмыс қатынастарына жақсы әсер етеді.

– Турнир тек бәсекеге ғана емес, ұжымдық жұмысты жақсартуға және командалық рухты көтеруге бағытталған. Мұз айдынындағы жігіттер жақсы маман болуымен қатар тамаша хоккейші екендіктерін көрсетті, – деп түсіндірді Данияр Шабанбаев.

«ЕЭК» АҚ Ақсу электр станциясы басшысының кубогы 2018 жылдан бері ойналып келеді.  Пандемия кезінде қысқа үзіліс болды.

Фото: Азамат Омаров

Жарнамалық материал